Ата-аналарды қолдау отырысы 13.03.26ж мектебімізде «Түсінемін және қолдаймын: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ата-ана ретінде қалай жақын болу керек?» тақырыбында ата-аналарға арналған қолдау отырысы өтті.Аталған кездесудің негізгі мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, олардың балаға деген түсінігін арттыру және тиімді қарым-қатынас орнату жолдарын қарастыру болды.Кездесу барысында ата-аналар өзара тәжірибе алмасып, балаға деген мейірім мен қолдаудың маңыздылығын тереңірек түсінді. Сондай-ақ, мамандар тарапынан пайдалы кеңестер беріліп, түрлі жағдаяттар талқыланды.Әр бала – ерекше. Ал ата-ананың қолдауы – оның жарқын болашағының кепілі.Осындай жылы әрі ашық форматтағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.