«Quiz Student» интеллектуалды жарысы Колледж студенттері мен жоғары сынып оқушылары арасында «Quiz Student» атты интеллектуалды жарыс өткізілді. Жарыстың негізгі мақсаты – білім алушылардың танымдық қабілеттерін арттыру, білімге деген қызығушылығын ояту, логикалық ойлау және жылдам шешім қабылдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушылар мен студенттер арасында достық қарым-қатынас пен командалық ынтымақтастықты қалыптастыру. Интеллектуалды сайыс барысында қатысушылар білімнің түрлі салаларын қамтитын қызықты сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдерін, тапқырлығы мен шапшаңдығын сынады. Командалар берілген тапсырмаларды бірлесе орындап, өзара пікір алмасып, әр сұраққа дұрыс жауап табуға тырысты. Жарыс қызықты әрі тартысты өтіп, қатысушылар белсенділік танытты. Әр команда өз білімін ортаға салып, ұйымшылдық пен жоғары дайындықтарын көрсетті. Іс-шара соңында белсенді қатысқан командалар атап өтіліп, жеңімпаздарға марапаттар табысталды. «Quiz Student» – білім мен тапқырлық тоғысқан, жастардың интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталған мазмұнды сайыс болды!