«Бабушкин квадрат» дефилесі “Бабушкин квадрат” дефилесі – ілмекпен тоқылған түрлі-түсті квадрат өрнектерден жасалған киімдер мен аксессуарларды көрсететін сән көрсетілімі.Бұл дефиледе қолөнер үйірмесіне қатысушылар подиумға шығып, қолөнер мен заманауи сәнді үйлестірген ерекше образдарды ұсынды.“Бабушкин квадрат” – дәстүрлі тоқу техникасы. Ол шағын квадраттардан тұрады, кейін сол квадраттар біріктіріліп, кофта, көйлек, кардиган, сөмке сияқты бұйымдарға айналады. Әрбір квадраттың түсі мен өрнегі әртүрлі болғандықтан, дайын киімдер өте жарқын әрі ерекше көрінеді.Мұндай дефиленің басты мақсаты – ұлттық және дәстүрлі қолөнерді жаңғыртып, оны қазіргі сән әлемімен байланыстыру. Сонымен қатар, ол адамдарға өз қолымен жасалған бұйымдардың әдемілігін, еңбектің құндылығын және шығармашылықтың шексіз мүмкіндігін көрсетеді.Үйірме жетекшісі М.Махова







