«Буллинг және кибербуллинг» 2026 жылдың 9 cәуір күні Т.Мамбеткулова учаскелік инспектор К.У.Днимовтың қатысуымен оқушылар арасында «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Іс-шараның мақсаты оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны туралы түсінік беру, олардың алдын алу жолдарын түсіндіру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болды. Әңгіме барысында буллингтің түрлері, оның ішінде физикалық, психологиялық және әлеуметтік қысым көрсету мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, кибербуллингтің ерекшеліктері, яғни әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын қорлау, қорқыту және қысым көрсету жағдайлары түсіндірілді. Учаскелік инспектор Днимов К.У. оқушыларға құқықбұзушылықтың салдары туралы айтып, мұндай әрекеттер үшін заң аясында жауапкершілік қарастырылатынын түсіндірді. Оқушыларға қиын жағдайға тап болған кезде кімге жүгіну керектігі, өздерін қалай қорғау қажет екені жөнінде нақты кеңестер берілді. Іс-шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, түрлі өмірлік жағдайлар мысал ретінде қарастырылып, оларды дұрыс шешу жолдары талқыланды.