«Әкем және мен» флешмобы Мектебімізде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған ерекше «Әкем және мен» флешмобы өтті. Осы жоба аясында 50 оқушы өз отбасыларымен бірлесе отырып, әкелеріне, аталарына және ағаларына деген құрмет пен мақтаныш сезімдерін білдірді. Флешмоб барысында балалар мен ата-аналар арасындағы сыйластық, қамқорлық пен мейірімнің маңызы айқын сезілді. Осындай жарқын сәттер оқушыларға рухани қолдау мен тәрбиелік мән сыйлады. Шараның негізгі мақсаттары:· Көру және есту қабілеті бұзылған балаларды тәрбиелеп отырған әкелердің еңбегін ерекше атап өту;· Әке мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту;· Қоғамдағы ерекше отбасыларға деген құрмет пен түсіністікті арттыру.Мектеп ұжымы атынан осы шынайы ризашылық пен мақтаныш акциясына қатысушы отбасыларға және, әсіресе, қолдау мен тәрбие берудің маңыздылығын көрсеткен әкелерге, аталарға, ағаларға алғыс білдіреміз.Аталған іс-шара білім беру мекемесінің отбасымен серіктестігін дамытудың тиімді үлгісі бола алады.Рахмет, 50 отбасы! Рахмет, әрбір әке, әрбір ата, әрбір аға! Қатысушылардың суреттері мектептің @shkolainternatkolledzh парақшасына уақтылы жарияланды.