«Сыныптағы кикілжің» тақырыбында тренинг «Жан ахуал» психологиялық орталығының әдіскері Таңшолпан Жаңаберген облыстық арнайы мектеп-интернат-колледжі кешенінің 7-сынып білім алушыларына «Сыныптағы кикілжің» тақырыбында тренинг өткізді. Мақсат — оқушылар арасындағы кикілжіңнің себептерін анықтап, өзара түсіністік пен құрметті қалыптастыру, тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сондай-ақ жанжалдарды бейбіт жолмен шешу жолдарын үйрету. Тренинг барысында оқушылармен «Шаттық шеңбері», «Мен кіммін?», «Эмоцияларды таны!», «Мен қандаймын?», «Тілек ағашы!»атты жаттығулар өткізіліп, мандала арт-терапиясы бағытында топтық жұмыстар жүргізілді. Оқушылар белсенділік танытты, ұсынылған тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, өз ойларымен бөлісті.