«Педагогикалық идеялар алаңы» мектепішілік әдістемелік семинар Ағымдағы жылдың 17 сәуір күні “Педагогикалық идеялар алаңы” тақырыбында мектепішілік әдістемелік семинар ұйымдастырылды.Семинардың негізгі мақсаты: ЕҚББ білім беруде ықпал ететін жаңа форматтағы тиімді әдіс-тәсілдер мен тиімді педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, тәжірибе алмасу арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.Семинар барысында “педагог- модератор” санатына өтініш берген ұстаздар үздік әдістемелік құралдары мен цифрлық технологияларды қолдану тәжірибелерімен бөлісті.Семинардың негізгі бағыттары бойынша:“ЕҚББ білім беруде жаңа форматтары: инновациялық әдіс-тәсілдер мен технологиялар” және“ЕҚББ тәрбиелеп, дамытуда қалыптастырушы дағдылар: тұлғалық және әлеуметтік қабілеттерін дамыту” бағыттары бойынша жүзеге асырылды.Семинарға Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің пән мұғалімдері, дефектологтар мен тәрбиешілер қатысты.Өз іс- тәжірибелерімен бөліскен педагогтарға директор Г.К. Шакенова сертификаттар табыстады.