2026 жылдың 11 маусым күні мектебіміздің қабырғасында «Жарқын болашаққа қадам!» атты салтанатты кеш өтіп, 10-сынып оқушыларына негізгі мектепті бітіру туралы аттестат табысталды. Есту қабілеті шектеулі болса да, жүректері зор үміт пен арманға толы шәкірттерімізді бүгінгі зор жетістіктерімен құттықтаймыз! Осы уақытқа дейін қанаттарының астына алып, білім нәрімен сусындатқан ұстаздар мен қолдау көрсеткен ата-аналарға алғысымыз шексіз.Түлектеріміздің болашағы жарқын, жолдары ашық болсын!