Білім күніне арналған салтанатты жиын 01.09.26ж. Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені” КММ-де «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мектеп табалдырығын алғаш аттап жатқан жас бүлдіршіндер басты өлең жолдарын жатқаайтып, көрермендер көзайымына айналды.Оларға жоғарғы сынып оқушылары ізгі тілектерін айтып, демеушілеріміз “Еуразия Банкі” АҚ атынан келген арнайы сыйлықтарын табыстады.Сонымен қатар, мерекелік шараға қатысқан мектебіміздің зейнеткер ұстазы М.Б.Момышева және ата-аналар жылы лебіздерін білдірді.Қалалық саңыраулар қоғамы мәдениет үйінің “Мы вас любим” клоунада театрының әртістері оқушыларымыз бен қонақтарға тағылымды әзіл қойылымымен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Мерекелік шара жоғарғы сынып оқушыларының патриоттық флешмобымен жалғасып, Білім күнінің есте қалар сәті-алғашқы қоңыраудың үнімен өз мәресіне жетті.







