Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешенінің 6- класс тәрбиешісі А. Жетібаева «Отбасым – бақыт мекені» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты:
балаларға отбасының адам өміріндегі маңызын түсіндіру,
ата-анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін қалыптастыру,
отбасы мүшелеріне қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында балаларға отбасы туралы түсінік беріліп, көрнекіліктер мен ым-ишара арқылы түрлі тапсырмалар берілді. Балалар өз отбасылары туралы әңгімелеп, отбасы мүшелерін атап, «Менің отбасым» тақырыбында шығармашылық тапсырмалар орындады.
Тәрбие сағаты балалардың белсенді қатысуымен, қызықты әрі түсінікті түрде өткізілді. Балалар отбасын қадірлеу, жақындарына қамқорлық жасау керектігін түсінді.







