«Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында 202 «Арнайы тігінші» тобының білім алушыларына «Жаңа технология – жаңа дағды» тақырыбында танымдық шара өткізілді. Шара барысында студенттер интерактивті тақта арқылы заманауи технологиялардың мүмкіндіктерімен танысып, ChatGPT жасанды интеллект құралын тиімді пайдаланудың маңыздылығын үйренді. ChatGPT-ді оқу барысында, ақпарат іздеуде, жаңа идеялар қалыптастыруда және болашақ мамандыққа қажетті дағдыларды дамытуда қалай қолдануға болатыны тәжірибе жүзінде көрсетілді. Студенттер интерактивті тапсырмалар орындап, жасанды интеллектке дұрыс сұрақ қою, қажетті ақпарат алу және алынған жауапты саралау жолдарын меңгерді. Жаңа технологияны меңгеру – заман талабына сай жаңа дағды қалыптастырудың бір қадамы! Өткізген: Мұратов Қ.М. Топ: 202 «Арнайы тігінші»