2026 жылғы 7 қазанда «Ізденістегі педагог: тәжірибеден кәсіптікке» атты апталық аясында педагогтар А.Искаирова және Н.Конакбаеваның ұйымдастыруымен оқушыларға «Шаршаудан – шабытқа» тақырыбында арт-терапиялық шығармашылық сағат өткізілді.
Арт-терапияның негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, көңіл күйін көтеру, түстер арқылы өз сезімдерін еркін білдіруге мүмкіндік беру және тыныш әрі жағымды орта қалыптастыру.
Шығармашылық сағат барысында оқушылар түрлі түстерді пайдаланып, өз қиялдарын қағаз бетіне түсіріп, қызықты тапсырмалар орындады. Іс-шара оқушыларға жағымды көңіл күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.