2026 жылғы 7 қазанда «Ізденістегі педагог: тәжірибеден кәсібилікке» атты апталық аясында педагогтар М.Тлеу және Н.Кужагелдиева мектептен тыс іс-шара ретінде ұстаздар арасында  педагогикалық квест ұйымдастырды.

Квесттің негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, шығармашылық және командалық қабілеттерін дамыту, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау, сондай-ақ түрлі жағдаяттар арқылы психологиялық кедергілер мен ішкі қорқыныштарды жеңуге ықпал ету болды.

Іс-шара барысында ұстаздар өздерінің тапқырлығын, жылдам шешім қабылдау қабілетін, көшбасшылық қасиеттерін және бірлесе жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.

Квест педагогтерге күнделікті кәсіби ортадан тыс жаңа қырынан танылып, өз мүмкіндіктеріне сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді.