“Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені” ММ тәрбиешілеріне «Қауіпсіздік сабақтарын» ұйымдастыру және өткізу бойынша түсіндіру мен әдістемелік жұмыстар жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 18 қыркүйектегі №267 бұйрығына сәйкес, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру бойынша негізгі міндеттер мен алгоритмдер түсіндірілді.

• Түрлі жағдайларда балалардың өмірлік қауіпсіздік дағдыларын дамыту;

• Ықтимал қауіп-қатерлерді анықтау мен сақтану ережелерін үйрету;

• Қауіпсіз әрекет ету тәсілдерін практикалық тұрғыда пысықтау (рөлдік ойындар, жағдаяттарды талдау, көрнекі құралдар мен бейнероликтер арқылы).

Баланың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты — біздің басты басымдығымыз!