Еңбек күніне орай “Ардагерлерді ардақтайық!” атты  кездесу кеші өтті, кеш қонақтары ардагер ұстаздарымыз Қанбибі Қайсарқызы мен Айсауле Орынбасаровна .
Көңілді кеш мектеп-интернат-колледж психологы Назгүл Асқаровнаның “Жақсылық шеңбері” тренингімен басталды.

Мақсаты: 

Саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ардагер ұстаздардың ерен еңбегін дәріптеу, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолын жас ұрпаққа үлгі ету.

Білім алушылардың бойына үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, адамгершілік, мейірімділік және сыйластық қасиеттерін қалыптастыру.
Ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ардагер ұстаздарға құрмет пен ризашылық сезімін арттыру.