Еліміздегі болып жатқан төтенше жағдайға байланысты мектебіміздегі ерекше балаларымызға қашыкшықтан оқытудың қызықты да тиімді жолдарын таңдап,оны оларға шеберлікпен жеткізу қажеттілігі туындады.
Осы орайда мектебіміздің педагогтары да қалыс қалмай,өз үлестерін аянбай қосуда. Олар оқушыларымыздың қызығушылығын оятып, зейінін кетірмейтін, жалықтырмайтын онлайн-сабақтарын шеберлікпен ұсынды. Оқушылардың ашылмай жатқан шығармашылықтары мен қабілеттерін оятып, әдеттегісінен де гөрі шыңдай түсті десе болады. Осындай сабақтар сериясы жоғарғы категориялы педагог Қыдыралина Бақытгүл тарапынан 6 «б» класс оқушыларына ұсынылды. Оқушылар мен ата-аналарға тәжірибелі педагогтың онлайн-сабақтарды ұйымдастыруы мен құрылымы ұнап, олар тарапынан жоғары баға берілсе, әріптестер арасында онлайн-тәжірибе бөлісті.







