Бастауыш буын кластар тәрбиешілері әдістемелік бірлестігінің "Өмірдің иесі сен, Ғазиз Ана!" атты тақырыптық апталығы 28 ақпан- 4наурыз 2022жылы аралығында өтті.
Апталықтың мақсаты: Жас ұрпаққа ананың өмірде алатын ерекше орны туралы түсініктерін қалыптастыру; ой - өрісін кеңейте отырып, ананың еңбегін құрметтеп, сыйлауға баулу; олардың бойынан анаға деген ізгі ниет қасиеттерін, жанашырлық сезімдерін дамыту; адамгершілікке, мейірімділікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу; түзету жұмыстарын жүргізу, анық, таза сөйлеуін талап ету.
Апталықтың жоспары бірлестік отырысында талқыланды. Жоспарланған шараларға жауапты тәрбиешілер өздеріне жүктелген міндеттерге аса жауапкершілікпен қарап, тәрбиелік шаралардың өз мәнінде өтуіне күш-жігерлерін салды. Қожабергенова А., Артықова А., алдын ала демалыс күні фойені безендіру жұмыстарын жүргізді.
28.02.2022ж. Апталықтың тақырыбы, жоспары, оқушылардың аналарымен қызықты сәттерінен түскен суреттер ілінді. Әдістемелік бірлестік жетекшісі Тажбенова Л.Ж., тәрбиеші Нугуманова К., кітапхана залында слайд шоу, бейне таспа арқылы апталықтың ашылу салтанатын жасады. ӘБ жетекшісі ТажбеноваЛ апталықтың жоспарымен таныстырды. Барлық бастауыш класс оқушыларын апталыққа атсалысып, ұйымшылдықпен қатысуға шақырды. Оқушыларға "Ана қадірі" атты бейнеролик көрсетіп, сұрақ- жауап алынды. Ана туралы ән шырқалып, өлең жолдары оқылды. Барлық бастауыш кластар ұйымшылдықпен қатысты.
01.03.2022ж. Апталықтың екінші күні Кеңесова Л., Мамбеткулова Т "Гүл сыйлайық анаға" тақырыбында бастауыш класс оқушыларына аналарына сыйлайтын гүлдерін қағаз бетіне түсіртіп, сурет салдырды... Мақсаты: жас ұрпаққа нәзік жанды аналарымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай зор екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау, анаға деген ізгі ниеттерін көрсету; қызығушылық қабілеттерін дамыту, өзара ынтымақтастыққа, шығармашылыққа баулу. Оқушылардың суреттері әсем боялып, мазмұнды болды.
С.Жиенбаев атындағы балалар кітапханасының қызметкерлері бастауыщ буын оқушыларына "Анаға тағзым" атты кітапхана көрмесін ұйымдастырды. Сонымен қатар "Қызыл телпек" ертегісінің қойылымын сахналады. Балалар сөзжұмбақ шешіп, ана туралы мәнерлеп өлеңдер оқыды. Барлық оқушылар қызығушылықпен қатысты.
Әдістемелік бірлестік тәрбиешісі Қосақбаева Ж., мектеп психологы Борамбаева Г., "Аналарға сыйлық" тақырыбында ананы сыйлауға, оның еңбегін бағалауға тәрбиелеу, оқушы бойынан ізгілік, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту мақсатында мерекелік акция өткізді. Оқушылар мектеп ұжымындағы қызмет ететін әйел қауымын мерекемен құттықтап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балалар үлкен қызығушылық танытып, іс шараға белсене қатысты.
02.03.2022ж. Апталықтың үшінші күні балалардың аналарына, бар адамзат аналарына сүйіспеншіліктерін ояту, ананың еңбегін ақтауға, аялауға құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында 3"ә" класс оқущылары жетекшісі Л.Ж.Тажбенова аналарына арнап "Аяулы анашым" атты мерекелік құттықтау іс шарасын өткізді. Аналарына, ұстаздарына өз қолдарымен жасаған ашық хаттарын сыйға тартты. Мәнерлеп өлең оқылып, ән шырқалды. Балалар аналарымен бірге ойын ойнап, бір-біріне көтеріңкі көңіл, жағымды сәт тудырды. Іс шараға келген аналар сөз ала отыра ризашылықтарын білдіріп, ұстаз қауымына алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар Турмантаева Ж., Шағатаева Г,. ұйымдастыруымен бастауыш класс ата- аналарымен "Жүзден жүйрік..." атты отбасылық эстафеталық жарыс өткізді. Іс шараның мақсаты: отбасы- Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылықтарын арттыру, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, бірлік пен ынтымаққа, татулық пен ұйымшылдыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Эстафеталық жарысқа 4 отбасы: мектепке дейінгі дайындық тобынан Муканбетказин отбасы, 1"а" класынан Бисенгалиев отбасы, 3"а" класынан Мұхамеджан отбасы, 3"ә" класынан Масақова отбасы қатысты. 1-ші орынға Масақова жанұясы, 2-ші орынға Мұхамеджан жанұясы мен Бисенгалиев жанұясы, 3-ші орынға Муканбетказин жанұясы ие болды. Әділқазылар ие болған орындарымен құттықтап, мақтау қағазымен марапаттады. Барлық отбасы үлкен жауапкершілікпен қатысып, белсенділік танытты. Эстафеталық жарыс жақсы дәрежеде өтті.
03.03.2022ж. яғни, апталықтың төртінші күні бастауыш буын тәрбиешілері Нурушева С., Койшина К ұйымдастыруымен "8 наурыз қарсаңында " атты 3"б", 4"в" сыныптар арасында мерекелік құттықтау шарасы өтті. Шараның мақсаты: 8 наурыз мерекесінің шығуы туралы мәлімет беру, ана жайлы өлеңдер, әндер арқылы аналарды, ұстаздарды құттықтау, оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке, сыйластыққа тәрбиелеу. Шара барысында мерекенің шығу тарихы туралы айтылды. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ұстаздарын биге шақырып, ізгі ниеттерін білдіріп, жақсы көңіл күй сыйлады. Іс шараға қатысқан оқушылар өте қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты. Дайындық топтың ата-аналары осы мерекеге арнап шығарған өлең шумақтарымен әйел қауымын құттықтап
15.11.2019ж. Апталықтың бесінші күні Мустапина Г.,Урунбасарова Ж.,Абдрашова А., ұйымдастыруымен "Арайлы, Алтын күз" атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік іс-шараға ата-аналар шақырылды. Кеште "Күз ханшайымы" ертегісі жүйесімен қойылып, алтын күздің сұлулығын тамашалады. Өнерлі оқушылар ән мен би арқылы мерекелік көңіл-күй сыйлады. Оқушылар өте қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты. Мерекелік шара жоғары деңгейде өтті.
15.11.2019ж. Апталықтың алтыншы күні барлық кластар кітапханаға жиналып, апталықтың қорытындысы өтті. "Күз кереметі" атты апталықтың қорытындысы өткізілген іс шараларға слайд жасалып, белсенді тақта арқылы көрсетіліп, талқыланды. Әдістемелік бірлестіктің тақырыптық апталығына барлық кластар аса жауапкершілікпен, ұйымшылдықпен қатысып, жоғары дәрежеде өтті.
Қорытынды: Апталық аясында тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етіп, оқушыларды табиғаттың әсемдігін қадірлеуге, құрмет тұтуға түрлі бағыт-бағдар берілді. Танымдық әрекетін, сөздік қорын молайту, көру, ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамытуда тәрбиешінің дәстүрлі емес әдіс-тәсілдері қолданылды.
Ұсыныс:Сабақта берілген тапсырмаларды баланың жас ерекшелігіне сай түрлендіріп отыру.Тәжірибелі педагогтардың сабақтарына қатысып,әдістерді оқып үйрену.
Әдістемелік бірлестік жетекшісі Л.Ж.Тажбенова
Койшыбанова А., Жетписова К., ұйымдастыруымен "Күз сыйы" атты табиғи бұйымдардан көрме қойылды. Көрмеге қойылған бұйымдар эстетикалық талғамға сай болды.







