2022 жылдың 24 мамыр күні XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында ел намысын қорғаған спортшыларымыз , Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені КММ түлектері - Бексұлтан Малайдар, Мұхтар Есенғосұлы, Руслан Орынбасаров, Ерлан Сүйеуәлиевпен кездесу өтті.
Кездесуге мектеп ұжымы және оқушылар қатысты. Спортшыларымыз оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, спорттың маңыздылығы, мақсатқа жетудің негізі қағидаларымен бөлісті.









