Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп-интернат-колледж" КММ бірнеше тәрбиешілері Ақтөбе қаласы "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға білім беретін арнайы мектеп педагогтары арасында ұйымдастырылған "Арнайы білім беру ұйымдарында білім беру жағдайында "Нумикон" әдістемесін қолдану ерекшелігі" тақырыбындағы семинарға қатысты. Семинарды ұйымдастырушы тренер Сеткереева Ғалия Аманбердиевна. Аталған семинарға арнайы білім беру ұйымдарының тәрбиешілері, ассистенттері қатысып, тақырып бойынша құнды мағлұматтар алды. Семинар барысында түрлі әдіс-тәсілдерді шебер қолданған педагогтар бір-бірімен өзара тәжірибе алмасты. Нәтижесінде арнайы білім беру мекемелерінде қызмет ететін педагогтар ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасау барысындағы білімдерін жаңғыртып, педагогикалық қоржындарын жаңа әдіс-тәсілдердің бірнеше түрлерімен толықтырып қайтты. Семинар соңында педагогтар белсенділігі үшін Алғыс хаттармен марапатталды.







