25 қазан Республика күніне орай Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп- интернат- колледж” кешенінің бастауыш буын (0-4 класс) оқушылары Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхатқа барды.

Саяхаттың мақсаты: Оқушылардың ой- өрістерін,танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау, дамыту және оқушылардың бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып өскен жеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Саяхатқа барған оқушылар саны-13

Саяхат барысында оқушылар өлкеміздің тамаша табиғатымен,  жануарлар әлемімен, қазақ жеріне тән өсімдік түрлерімен танысты. Балаларға ата-бабаларымыз бізге мұра қылып қалдырған салт - дәстүріміз және ұлттық киімдер мен әшекей бұйымдарымызбен қатар, ежелгі қазақ халқы қолданған тұрмыстық заттар туралы кеңінен ақпарттар беріле отырып, тың жаңалықтар айтылды. Сонымен қатар, оқушылар Ақтөбе өңірінен шыққан көптеген өнер адамдарының өмірбаянымен танысты. Музей көрмесінен мектеп оқушылары және ата-аналар ерекше әсер ала отырып, өз халқының тарихымен сусындап, жаңа ақпараттарға қол жеткізді