Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Ақтөбе облыстық арнайы
«мектеп-интернат-колледж» кешенінде өтіп жатқан “Мағжан
Жұмабаев - қазақ поэзиясының хантәңірі” атты апталық аясында
орта буын оқушыларына арнап “Мағжан Жұмабаев туралы не
білеміз?” тақырыбында квест ойыны өткізілді.
Ойынның мақсаты: еркін, көңілді атмосферада балалардың
қазақ халқының ұлы тұлғасы М.Жұмабаев туралы білімдерін
анықтау және толықтыру, оқушылардың жылдам ойлау және топта
жұмыс жасай білу қабілетін дамыту.







