20.11.23 ж жоғары класс оқушылары мен колледж студенттеріне
“Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” тақырыбында ақпараттық сағат өтті.
Сабақтың мақсаты: мектеп жасындағы жасөспірімдердің зорлық-зомбылық
туралы түсініктерін кеңейту, оларды көбірек және толыққанды
ақпараттандыру,
ескерту,зорлық-зомбылықтың
Сабаққа барлық оқушылар түгелдей қатысып, белсене атсалысты.
Сабақта зорлық-зомбылық дегеніміз не, оны қалай түсінесің? Зорлық-
зомбылықтың қандай түрлерін білесің? Зорлық зомбылыққа ұшыраған адам
кімнен көмек сұрай алады және қалай?-деген сұрақтар қойылып, топтық
жұмыс арқылы, постерлермен жұмыс жасау ұсынылды және қойылған
сұрақтар арқылы оқушылардың жеке пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар,
бүкіләлемдік көмек сұрау белгісі туралы ақпарат беріліп,оның шығу тарихы
жайлы айтылды, осыған байланысты және зорлық-зомбылықтың кей түрлері
жайлы және егер күдікті адамды байқаған кезде, қандай дұрыс амалдар жасау
керектігі
жайында
қысқаша
бейнетаспалар
көрсетіліп,
қорытындыланды.
Сонымен қатар, сабақ үстінде оқушылармен эмоционалды көңіл-күй
аясын дамытуға арналған додокама арқылы тренинг ұйымдастырылып,сабақ
соңында “Мен бүгінгі сабақтан өзім үшін не алдым? Сабақ маған ұнады ма?”
деген сұрақтарға оқушылар қолдан қолға смайлик беру арқылы өз ойларын
айтты.
Тәрбиеші Б.Ж. Қыдыралина өткізген сабақ оқушыларға ұнады және өз
мақсатына толық жетті.







