27.11.2023ж. орта буын тәрбиешілері әдістемелік бірлестігінің “Мағжан Жұмабаев - қазақ поэзиясының хантәңірі” атты тақырыптық апталығының ашылуы өтті. Алдын ала мектеп дәлізінде апталықтың тақырыбы, жоспары, Мағжан Жұмабаев туралы мәлімет беретін көрнекіліктер, суреттер ілінді.
Ашылу барысында мектеп психологтары оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында тренингтер жүргізді. ӘБ жетекшісі Л.Тажбенова, педагог У. Мендикулова кітапхана залында слайд шоу, бейне таспа арқылы апталықтың ашылу салтанатын жасады. ӘБ жетекшісі апталықтың жоспарымен таныстырды және барлық оқушыларды апталыққа атсалысып, ұйымшылдықпен қатысуға шақырды. Орта буын оқушыларына Мағжан Жұмабаев туралы ақпарат беріліп, сұрақ- жауап алынды. Тақырыпқа байланысты ойындар ойнатылды. Барлық орта буын оқушылары ұйымшылдықпен қатысты.







