30 қараша күні бастауыш буын тәрбиешілері ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында «Білімдіге дүние жарық» атты кезекті кездесу өткізді.  

Мақсаты: ​Баланың жеке басын дамытудағы мектепке бейімделуінің маңызын түсіндіру.

Кездесу барысында ата-аналарға баяндама оқылып, сауалнама жүргізілді, қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Ата-аналармен кездесуді мектеп психологтары М.Б.Момышева мен А.А.Шакибаева отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру мен бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Бала тәрбиесі – жауапты іс» атты психологиялық тренингтерімен жалғастырды.

Тренингке ата-аналар мен тәрбиешілер белсене қатысып, сөз соңында жадынамалар таратылды.