13 желтоқсан күні бастауыш буын оқушылары арасында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Жас ұрпақтың бойына патриотизм мен жауапкершілікті қалыптастырып, олардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру мақсатында өткен шараға оқушылар белсене қатысты. Шығармашыл балалар туған жерге, Отанға деген махаббатын ақ қағазға түсіріп, түрлі түсті бояулармен жеткізді. Сурет көрмесінің соңы челленджбен жалғасын тапты.







