15 желтоқсан күні әдіскер Г.Қ. Шотанова және жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері “Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ” атты пәндік апталығының қорытынды отырысын өткізді. Оқушыларға білім алудың қажеттілігін, маңыздылығын көрсете отырып, қоғамды әрі қарай дамытатын болашақ иелері болу үшін сапалы білім керек екенін ұғындыру, Қазақстанды әрі қарай дамытатын, ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету, балалардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге қызығушылықтарын арттыру, танымдық қабілеттерін кеңейту мақсатында өткен апталық барысында жүргізілген іс - шараларында мұғалімдер түрлі инновациялық технологиялық тәсілдерді мақсатқа сай тиімді қолданып, пәндік апталықты жоғары деңгейде өткізді.