Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені КММ “Біздің әлем” театр үйірмесі 22  желтоқсанда жаңа нұсқадағы «Жеті лақ және Қасқыр» ертегі қойылымын және клоунада жанрындағы «Балықшылар» атты көңілді номерді көрермен назарына ұсынды.

«Жеті лақ және Қасқыр» ертегі қойылымында рөлдерді ойнағандар:

Қасқыр – Садуақасов Мақсат

Лақтардың анасы – Сатыбалды Аянат

Күзетші ит – Аманчин Руслан

Лақтар – Тұрақбай Сабина, Салықова Айша, Алтынбек Артур, Талғат Інжу, Ермек Мадияр, Сағынай Нұрайым, Әлібек Айша.

«Балықшылар» клоунада қойылымында басты рөлдерді Төреғали Нұрислам мен Сапаргалиев Ильдар ойнады. Екі қойылым да көрермендер қошеметіне ие болды. Оқушылар өздеріне берген рөлдерді жақсы алып шықты. Қойылым сәтті өткізіліп, шараның соңы көңілді бимен аяқталды.