Республикалық "Күй күмбірі" атты домбыра челленджі аясында Наурыз айының 20-шы жұлдызында домбыраның тарихи және мәдени маңыздылығын көтеру мақсатында тәрбиелік шара өткізілді.

Шара "Аяулым" би ансамбльінің әсем биімен ашылып, "Біздің әлем" театр үйірмесі жас өнерпаздарының "Ақсақ құлан" аңыз қойылымымен жалғасты.

Шарада "Домбыра үні" үйірме жетекшісі Утурмакова Н.А., 7 сынып оқушылары Сатыбалды А. және Алиева А. Хабидолла Тастановтың этюдін алғаш рет орындады. Және де мектеп педагогтері Утурмакова Н. және Тілек С. Әбдімомын Желдібаевтің "Ерке сылқым" күйімен шашу жасап, қорытынды бойынша тәрбиелік шара жоғары деңгейде өткізілді деп бағаланды.