2025 ж. 22 қазанында жоғары буын оқушылары мен колледж студенттері арасында аталған тақырыпта тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты:
Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әділдік пен адалдық құндылықтарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың зияны мен алдын алу жолдарын түсіндіру.
Шара барысында өмірлік мысалдар келтіріліп, пікір алмасу, сұрақ-жауап арқылы тақырып кеңінен талқыланды.
Әрбір азаматтың міндеті — жемқорлыққа жол бермеу, қоғамда ашықтық пен сенімді нығайту.








