ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ІІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ!
Бұл марапат – ұстаздың ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыстағы жоғары кәсіби шеберлігінің, жауапкершілігі мен еңбексүйгіштігінің айқын дәлелі.
Шаханова Нұргүл Абдулхамитқызы 1973 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Ол Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университетін «Информатика және дефектология» мамандығы бойынша тәмамдап, кәсіби жолын білім беру саласына арнады.
Саналы ғұмырын ерекше білім беруді қажет ететін балалардың танымдық қабілетін дамытуға арнап келе жатқан педагогтың жалпы еңбек өтілі — 28 жыл.
Ұстаз шәкірттерінің цифрлық сауаттылығын арттыру, заманауи технологияларды меңгерту, оқу процесіне инновациялық әдістер енгізу бағытында үлкен еңбек сіңіріп келеді. Нұргүл Шаханованың кәсіби біліктілігі, әдістемелік шеберлігі мен педагогикалық жаңашылдығы республикалық деңгейде жоғары бағаланды.








