«Сұлулық падишасы – 2026» байқауы 5 наурыз күні Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешенінің студенттері мен жоғары класс қыз балалары “Қалалық қазақ саңыраулар қоғамы Мәдениет үйі” ММ ұйымдастыруымен есту мүмкіндігі шектеулі арулар арасында өткен «Сұлулық падишасы – 2026» атты байқауға қатысты.
Сахнаға шыққан әрбір ару өздерінің нәзіктігін, шығармашылығын және қайталанбас болмысын көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Байқау нәтижесінде ақыл-парасаты мен таланты үйлескен ТҰРАҚБАЙ САБИНА «Сұлулық падишасы – 2026» атағын иеленіп, жеңімпаз атанды.
МАҚСАТҚЫЗЫ ЖЕҢІСГҮЛ - І орын
МАЖИТОВА АЙШАБИБІ - ІІ орын
ЖАКУПОВА МАРХАБАТ - “Көрермен көзайымы” номинациясын иеленді.








