Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп - интернат - колледж” кешені КММ кітапханасында 22 наурыз мерекесіне орай “Ұлттық ойын - ұлт қазынасы “ тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты :
Қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау, қол күрес, тақия тастамақ ойындары арқылы балаларға қазақтың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Іс - шараны С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері мен мектеп кітапханашысы ұйымдастырды. Ұлттық ойындар туралы мағлұматтарды түсінікті етіп, аудармашы Нұрмашева Гүлнара ым - ишара тілінде әдемі жеткізді.
Шара барысында
Арқан тартыс
Асық ату
Бес тас
Қол күресі
Сақина салу
сияқты ойындар 2 топқа бөлініп өткізілді. Соңында оқушылар кітап көрмесімен танысып, “Қара жорға” биін билеп, мәз - мейрам боп тарқасты.