Мектеп кітапханасында кітапханашы Л.Бултекова және бастауыш сынып мұғалімдері С.Нұрғалиева, З.Ершекенованың ұйымдастыруымен “Халықаралық балалардың кітабы” күніне орай «Кітап - тарих, шежіре!» атты кітаптар шеруі өткізіліп, кітаптарға шолу жүргізілді.
📚Балалар кітабы халықаралық кеңесінің шешімімен 1956 жылдан бастап балалардың ертегішісі, дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туған күні яғни, 2 сәуір “Халықаралық балалар кітабы” күні деп бекітілді.
📚Шара барысында Г.Х.Андерсеннің ертегілері және А.С.Экзюпери “Маленкий принц”, Жюль Верн “Пятнадцатилетный капитан”, Джон Грин “Бумажные города”, “Авторлық ертегілер”, “Қазақ ертегілері”, ”Ғажайып саяхат” т.б. кітаптар насихатталды.
Кішкентай оқырмандар кітаптарға қызығушылықтарын танытып, өздері білетін кітаптары туралы бірі-біріне әңгімелеп берді. Мақсаты: балаларды әдебиетке жақын болуға шақыру, кітап оқуға үндеу, адам өміріндегі кітаптың алар орны ерекше екенін насихаттау.







