«Досыңа кітап сыйла!» челленджі
«Адал азамат» біртұтас бағдарламасы аясында жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері төменгі сынып оқушыларына «Досыңа кітап сыйла!» атты кітап сыйлау челленджін өткізді.
Челлендждің мақсаты – оқушыларды кітап оқуға баулу, рухани құндылықтарды насихаттау, кітап сыйлау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ оқушылар арасында мейірімділік пен ізгілік қасиеттерін тәрбиелеу.
Шара барысында жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері төменгі сынып оқушыларына кітаптар сыйлап, кітап оқудың маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті. Кітап сыйлау арқылы оқушылар арасында достық, мейірімділік пен өзара құрмет құндылықтары насихатталды.
Мектеп кітапханашысы – Л. Бултекова.