Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету
2026-2027 оқу жылына оқушыларды қажетті оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатында оқу әдебиеттері толықтырылды.
Зерде бұзылыстары бар білім алушыларға арналған 4-сынып оқулықтары алынды.
7-сыныптың орыс сыныптарына арналған Брайль қарпіндегі “Алгебра”, “Геометрия”, “Русский язык”, “Русская литература”, “Английский язык” , 1-сыныпка Брайль қарпінде “Әліппе”, “ Ана тілі”, “Обучения грамоте”, “ Букварь” оқулықтары алынды.
“Мектеп”баспасынан 7-сыныпқа арналған “Қазақстан тарихы” “Дүниежүзі тарихы” және “История Казахстана”, “Всемирная история” оқулықтары алынды.
3-сыныпқа арналған “Математика”, “Дүниетану”, “Познание мира”, “Қазақ тілі”, “Орыс тілі”, “Қазақ әдебиеті”, “Орыс әдебиеті” оқулықтарына “Е-Таңдау” платформасы арқылы тапсырыс берілді.
Алынған және тапсырыс берілген оқулықтар оқушылардың ерекшеліктері мен білім алу қажеттіліктеріне сәйкес қамтамасыз етілуіне бағытталды.







