Іс Шаралар
2019 жылдың 5 сәуір күні Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінің талантты оқушылары ерекше білімді қажет ететін оқушылар арасында жыл сайын ұйымдастырылатын "ЖҰЛДЫЗАЙ" халықаралық фестивалінің облыстық іріктеу кезеңіне "Ым-ишара тілінде əн" номинациясы бойынша қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
2019 жылдың 28-31 наурыз күндері Ақтөбе қаласында "Talаnt studio" шығармашылық орталығы ұйымдастырған "TALANTtar Alemi" халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы фестиваль-байқауына Ақтөбе облыстық арнайы есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінің оқушылары «Ым-ишара тілінде əн орындау» номинациясы бойынша қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
18-20 наурыз күндері Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай "150 игі іс" акциясы аясында педагогтар О.Руденко, Б.Қыдыралина, А.Койшибанова «Ақтөбе - құтты мекен" тақырыбында көрме ұйымдастырды.
2019 жылдың 19 наурыз күні Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) ееесту қабілеті бұзылған балалар менктеп-интернат-колледжінде Наурыз мерекесі тойланды. Мектепке дейінгі топ және 0-5 класс оқушылары «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында өткен ертеңгілікке қызығушылықпен қатысты.
2019 жылдың 15 наурыз күні Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде "Ұстаздың асыл бейнесі" атты Ыбырай Алтынсарин атындағы білім беру ісінің үздігі, волейболдан Ұлттық дәрежедегі төреші, жоғары білікті денешынықтыру пәнінің мұғалімі Кужениязов Қуаныш Зейнулұлының жарқын бейнесін еске алу кеші өтті.
Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде бастауыш кластар тәрбиешілерінің әдістемелік бірлестігі ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Гүл сыйлайық анаға!» атты мерекелік шара өткізілді. Концерттік бағдарламаға ата-аналар, оқушылар қатысты. Аналарға арналған жүрек тебірентер әндерді оқушылар ым-ишара тілінде орындаса, ата-аналар өлең жырларын оқыды. «Балдаурен», «»Аяулым» хореографиялық ансамбльдері өнер көрсетті. Кеш соңында бастауыш класс оқушылары ұстаз аналарға гүл шоқтарын сыйлады.













