Іс Шаралар

      Мектебіміздің бірнеше тәжірибелі ұстаздары Халықаралық Педагогика және Инновациялық Технологиялар Ғылым Академиясының "Асыл ұстаз" төсбелгісімен марапатталды :

12 ноября в колледже проведена игра по типу телевизионной игры «Поле чудес» в рамках Дня национальной валюты, организаторами и спонсорами игры стали мастер обучения Бачурин В.В., преподаватель специальных дисциплин Сахарова И.Б., библиотекарь Оспанова С.Б. Победителем игры стал студент 148 группы Гавриленко Сергей, он с удовольствием согласился на супер-игру в финале и угадал фразу «Деньги идут к деньгам».

Жас оқытушылар Бачурин В.В., Гиричева А.А. және колледж студенттері Борамбаев Р., Фондис Д. Тұратын колледждің КТА командасы Денисов ауданының КТА  жастар лигасының ойынына қатысты

Мақсаты: Оқушылардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, қамқорлықтағы балаларды ортаға бейімдеу, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу. Қамқоршыларға құрмет көрсету.

11 қазан 2019 жылы Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде «Отбасым - қорғаным» деп аталатын психологтардың ұйымдастыруымен психологиялық тренинг форматындағы кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: отбасы тәрбиесінің құндылығын, бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты ынтымақтастыру, мектеп өмірімен таныстыру.

Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған «арнайы мектеп-интернат-колледж» кешенінде қазан айының 25-і күні "Шаштараз-модельер" мамандығы бойынша оқу қатарына қабылданған бірінші курс студенттеріне арналған маңызды мерекелік іс-шаралардың бірі "Студенттер қатарына қабылдау» кеші өтті.