“Денсаулық және мен” тақырыбында 5 ”ә” класында тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты:
Оқушыларды зиянды әдеттен қорғау;
денсаулықтың құндылығын бағалау;
салауатты өмір сүруге тәрбиелеу

Тәрбие сағаты барысында мұғалім денсаулықтың басты құндылық екенін айтып, денсаулықты сақтауға қажетті дұрыс әдеттер мен дағдыларды үйретті. Пайдалы және зиянды тағамдар туралы ақпарат беріліп, денсаулыққа пайдалы физикалық жаттығулар көрсетілді.