2025 жылдың 11 ақпан күні колледж студенттері арасында "Жедел жәрдем номерлері және сенім телефондары" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
оқушыларға шұғыл қызметтердің телефон нөмірлері туралы ақпараттарды пысықтау;
төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру;
сенім телефондары арқылы көмек алу мүмкіндіктерімен таныстыру .
жастардың жауапкершілігін арттырып, өмірде кез келген жағдайға дайын болуға үйрету.
Іс-шара барысында студенттерге Қазақстан Республикасындағы және халықаралық деңгейде маңызды жедел жәрдем нөмірлері, сондай-ақ, басқа да маңызды телефон қызметтері (полиция, өрт сөндіру қызметі, апаттық қызметтер және т.б.) таныстырылды. Студенттерге сенім телефондары арқылы түрлі әлеуметтік, психологиялық, құқықтық көмек алуға болатыны туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, жедел жәрдем мен төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету тәртібі түсіндірілді. Тәрбие сағаты соңында студенттер тақырып бойынша сұрақтар қойып, белсенді пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Іс-шара колледждің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, оқу орнының әлеуметтік қызметі тарапынан толық қолдау тапты.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1062-zhedel-zh-rdem-nomerleri-zh-ne-senim-telefondary.html#sigFreeIdec0de04eff







