2025 жылдың 17 ақпан күні колледж оқушылары арасында "Жасөспірімдер арасында синтетикалық есірткінің таратылуының алдын алу" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралуының зиянын түсіндіру, есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру және олардың алдын алу жолдарын талқылау болды.

Тәрбие сағаты барысында жасөспірімдерге есірткілердің адам ағзасына, психикасына және қоғамға тигізетін теріс әсерлері туралы ақпарат берілді. Оқушыларға есірткіге тәуелділіктің салдары мен оны таратудың заңсыздығы туралы егжей-тегжейлі түсінік берілді. Сонымен қатар, есірткіге қарсы күрестің маңыздылығы, профилактикалық шаралар мен қоғамның бірлесіп жұмыс істеуі қажеттілігі туралы сөз қозғалды.

Іс-шара барысында оқушылар сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Тәрбие сағатының соңында қатысушыларға есірткіге қарсы бейнемазмұндар көрсетіліп, оған байланысты арнайы буклеттер таратылды.