2025 ж 14 ақпанында ата-аналар комитеті және қамқоршылық кеңес төрайымының қатысуымен педагогикалық кеңес өткізілді.
Күн тәртібінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың өмір қауіпсіздігі ережелері мен талаптарының сақталуы мен оқу-тәрбие үдерісінде мобильді қосымшаларды қолдану ережелері және өзге маңызды мәселелер қаралды.

Кеңес барысында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың қауіпсіздігі мен олардың өмірін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сөз қозғалды. Осы бағыттағы талаптар мен ережелердің сақталуы, қауіпсіздік шараларының деңгейі талқыланды. Сонымен қатар, білім беру үдерісінде мобильді қосымшаларды қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәселелер қаралды. Педагогтар мен ата-аналар бұл технологиялардың оқу процесінде қалай пайдаланылатынын, олардың балаларға әсерін және қауіпсіздік шараларын қалай жүзеге асыру керектігін талқылады.

Кеңес нәтижесінде ұсыныстар мен пікірлер айтылып, бұл мәселелер бойынша бірқатар іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланды. Кеңес жұмысы колледждің оқу-тәрбие процесін жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болды.