Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілін, қалдық есту, көру қабілетін дамыта отырып, экологиялық білім беру және экологиялық сауаттылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу, қоршаған ортаны, туған табиғатты аялап, оны қорғаудың шешу жолдарын іс-тәжірибеде, шынайы өмірде көрсету мақсатында 2025 жылдың 17 - 21 ақпан аралығында коррекциялық бағыттағы әдістемелік бірлестігінің «Таза болса табиғат – аман болар адамзат!» атты апталығы өтті.
Апталық 2025 жылдың 17-ші ақпан күні «Қасиетті Жер-Ана – біздің ортақ үйіміз» тақырыбында 5-10 класс оқушылар арасында брифингпен ашылды. Брифингте табиғаттың адамның өмірінде алатын орны, туған өлкеміздің табиғат байлығы, қазіргі таңдағы еліміздегі өзекті экологиялық жағдай және отбасында, мектепте оның шешу жолдары қаралды. Брифинг барысында Ақтөбе қаласының №8 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 класс оқушысы Ералы Бейбарыс өзінің жетекшісі Гүлдәурен Мақсатқызымен қатысып, кіріктірілген байланыс орнату арқылы оқушылардың әлеуметтік ортаға бейімделуін қалыптастыруда «Тұрмыстық қалдықтарға екінші өмір сыйла» жобасын ұсынды. 8 «б» класс оқушысы Аманчин Руслан және оның анасы Екатерина Юрьевна «Животные – наши лучшие друзья» тақырыбында үй жағдайында жан-жануарларға қалай қамқорлық жасау керектігі туралы маңызды тәжірибесімен бөлісті. 6 «ә» класс оқушысы Масакова Маржан туған өлкеміздің табиғат байлығымен таныстырса, 7 «б» класс оқушысы Абдиров Аманат интернат жағдайында табиғатқа қамқорлық жасау туралы ойымен бөлісті. Брифингті ұйымдастырушы мектептің арнайы мамандары Р. А. Каплиева, Г. Б. Тулебаева, Ж. Е. Габдуллина жас жүргізуші Жаңабаева Кәусар және табиғат жанашыры Жеңіс Айбекпен ауызша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту мақсатында диалогті қарым-қатынасты орнатты. Іс-шараның соңы «Жасыл аймақ» атты экочелленджге ұласты.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1066-taza-bolsa-tabi-at-aman-bolar-adamzat-aptaly-y.html#sigFreeId35565f8a75
18 ші ақпан күні коррекциялық бағыттағы әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында 3 “В” сыныбында “Қалдық көру қабілетін сақтандыру және дамыту” пәнінен дефектолог Ж.К.Урунбасарова “Мектептегі заттардың кеңістіктік қатынастары” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
мектептегі заттардың кеңістіктік орналасуын сипаттау, алыс-жақын орналасқан заттарды көре білу қабілеттерін қалыптастыру;
табиғатқа сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға, сақтауға үйрету.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1066-taza-bolsa-tabi-at-aman-bolar-adamzat-aptaly-y.html#sigFreeId7c9717f7f6
2025 жылдың 19-ші ақпан күні мектептің 6-10 класс оқушылар арасында «Адамның табиғатқа ықпалы» тақырыбында экологиялық олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиада қатысушылары үлкен қызығушылықпен қатысып, экологиялық білімдерін көрсете білді.
Олимпиада нәтижесі:
1 орын – 6 «ә» класс оқушысы Шымбергенова Томирис
2 орын – 7 «а» класс оқушысы Есенғали Нұрсұлтан
3 оры – 6 «ә» класс оқушылары Бақтығали Асланбек, Еркін Рамазан, 7 «а» класс оқушысы Қанатова Динара, 7 «б» класс оқушысы Бердібек Бақытжан
Сертификат иегерлері: 6 «ә» класс оқушысы Саматұлы Азизхан, 8 «б» класс оқушысы Аманғосқызы Қамарсұлу, 10 «а» класс оқушылары Сембі Жасмин, Наурызбаев Руслан.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1066-taza-bolsa-tabi-at-aman-bolar-adamzat-aptaly-y.html#sigFreeIdc17c704a37
19 ақпан күні 3 ”ә” сыныбында “ДАҚ және ЕҚД” пәнінен “Қ-к дыбыстарын ажырату. Мен және қоршаған орта” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Мақсаты:
қоршаған орта дыбыстарын есту мүмкіндігінде қабылдап, тану;
берілген дыбыстарды ажырату; оқушының таным қабілеттерін дамытып, түзету;
құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар қоршаған орта дыбыстарын естіп, оларды дұрыс тануды үйренді. Мұғалім түрлі дыбыстарды тыңдату арқылы олардың «Қ» және «К» дыбыстарын ажырату дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар ұсынды. Сонымен қатар, сабақта құстардың дауыстарын тыңдап, қоршаған ортаны қорғау қажеттілігі туралы түсінік берілді. Сабақтың соңында оқушылар өз ойларын айтып, табиғатты қорғауға деген жауапкершілік сезімін көрсетті.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1066-taza-bolsa-tabi-at-aman-bolar-adamzat-aptaly-y.html#sigFreeId4f3cb90255
2025 жылдың 21 ақпан күні «Таза болса табиғат - Аман болар адамзат» атты коррекциялық бағыттағы бірлестік апталығының жабылуына арналған шара ұйымдастырылды.
Шараның тақырыбы: “Табиғат жанашырлары” экопарад.
Мақсаты: «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында білім алушылардың қоршаған ортаны қорғау туралы түсініктерін кеңейтіп, танымдық қабілеттерін арттыру және қоршаған орта байлығын сақтауға тәрбиелеу, экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Экопарадқа оқушыларымыз «Табиғат жанашырлары», «Табиғат байлықтары»,«Өсімдіктер» әлемі, «Жануарлар» әлемі болып, ортаға шығып өз ұрандарын орындап шықты.
Сонымен қатар осы апталықта өздерін жан-жақты көрсетіп белсенділік таңытқан оқушыларымызды марапаттау рәсімі өтті.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1066-taza-bolsa-tabi-at-aman-bolar-adamzat-aptaly-y.html#sigFreeId3aab615aa1







