25 ақпанда “мектеп-интернат-колледж” кешенінде жоғары буын оқушылары мен студенттерге арналған “Оқу алаңында академиялық алаяқтықтың салдары” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Іс-шара барысында плагиат, көшіру, деректерді жалған көрсету сияқты академиялық алаяқтықтың түрлері мен оның салдары туралы маңызды мәліметтер берілді. Студенттер мен оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Бұл шарадан студенттер мен оқушылар академиялық адалдықтың маңызын түсініп, өздерінің оқу процесінде дұрыс шешімдер қабылдауға үйренді. Адамгершілік, әділдік және шынайылық принциптері әрбір студенттің жеке тұлғасының негізі болуы тиіс. Студенттер өзара пікір алмасып, түрлі жағдайда қалай дұрыс әрекет ету керектігі туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, студенттерге өз жұмыстарына деген адалдықты сақтау тек қана академиялық жетістіктердің кепілі емес, сонымен бірге олардың болашақ кәсіби өмірінде де маңызды рөл атқаратыны түсіндірілді.
Адал білім – жарқын болашақтың кепілі. Академиялық адалдықты сақтайық!
https://sch.edugov.kz/kz/247/1073-akademiyaly-adaldy-bilimni-kepili.html#sigFreeIdcc40cf6bc0







