2025 ж. 3 наурыз күні “Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені” КММ мен “Ақтөбе қаласының білім бөлімі” ММ“ № 8 орта мектеп” КММ-сінің әріптестік меморандумына қол қойылды.
Мақсаты:
ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың білім сапасын арттыру;
арнайы білім беру мен инклюзивтік білім беруде ынтымақтастықты нығайту;
бірлескен жобалар арқылы кәсіби дамуды қамтамасыз ету;
барлық оқушылар үшін тең мүмкіндіктер жасау, инклюзивті білім беру жүйесін дамыту.
Бұл меморандум ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көбірек мүмкіндік жасап, олардың білім алуына жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған маңызды қадам. Қол қойылған келісім әріптестік қатынастарды нығайтып, оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатындығына сеніміміз мол.
Сондай-ақ, бұл оқиға инклюзивті білім беру саласының дамуына үлкен үлес қосатындығы сөзсіз!
https://sch.edugov.kz/kz/247/1074-riptestik-memorandum.html#sigFreeId89bb87ba57







