Қазақ халқының көпғасырлық дәстүрлерінің бірі - Көрісу айт. Бұл күні адамдар бір - біріне ізгі тілектерін арнап, жүрекжарды сөздермен құттықтайды. Көрісу - тек мереке емес, сонымен қатар халқымыздың ынтымағы мен бірлігін нығайтатын, әрбір жанның арасында жылулық пен сыйластық орнататын ерекше күн.
Көрісу күнінде бастауыш класс мұғалімі Әлжанова А.Қ. 4 “а” класында көрісу “Көрісу айт - ынтымақ пен берекенің бастауы” тақырыбында тәрбие сағатын өтткізді.
Мақсаты - халқымыздың қадірлі дәстүрлерінің бірі, “Көрісу айттың” мән - мағынасын түсіндіріп, оны қазіргі заманға сай дәріптеу.
Оқушыларға бұл мерекенің ынтымақ пен берекені арттырып, адамгершілік қасиеттерді нығайтатынын айтып, қазақ халқының салт - дәстүрлеріне деген құрметті бойларына сіңіру мақсатында ойындар ұйымдастырылды. Балалар өзара амандасып, бір - біріне жақсы тілектер айтып, бірге ұжымдық қуаныш сезімін сезінді.
Көрісу айттың мәні тек тілектерде емес, бір - бірімізге деген мейірімділік пен құрметте жатыр. Бірлігіміз бен ынтымағымыз нығая түссін!
https://sch.edugov.kz/kz/247/1083-k-risu-ajt-yntyma-pen-berekeni-bastauy.html#sigFreeId4f6fda4fae







