Наурыз мерекесіне арналған іс - шаралар жоспарына сәйкес, гуманитарлық бірлестіктің мұғалімдері жоғары класс оқушылары мен колледж студенттеріне “Ұлтымыз ұлыстың ұлы күнін ұлықтайды” тақырыбында жазба жұмысы - сынақхат жаздырды.
Бұл жазба жұмысының мақсаты - жастарды ұлттық дәстүрлер мен мәдениеттің маңыздылығына терең үңілту, Наурыз мейрамының тарихы мен мәнін түсіндіру арқылы олардың ұлтқа деген сүйіспеншілігін арттыру