17 наурыз 2025 жылы жоғары класс оқушылары мен колледж студенттері арасында ұлттық киімдерді насихаттау мақсатында "Ұлттық сезім" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Бұл іс - шараның негізгі мақсаты - жастарға қазақ ұлттық киімдерінің мәні мен маңызын түсіндіру, ұлттық мәдениетті құрметтеуге тәрбиелеу, сондай - ақ ұлттық киімдер арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру болды.
Тәрбие сағатының барысында ұлттық киімдердің түрлері, олардың ерекшеліктері мен тарихы туралы мағлұматтар берілді. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің әрбір бөлшегі, оның символикасы мен мағынасы туралы жан - жақты түсінік беріліп, киімнің адам тұлғасындағы мәні, ұлттық сана мен салт - дәстүрге деген құрмет білдірудің маңыздылығы айтылды. Студенттер мен оқушылар қазақтың ұлттық киімдерін киіп, өз пікірлерін білдіріп, тарихи мәдени құндылықтарға деген қызығушылықтарын арттырды.
Іс - шарада ұлттық киімдердің тек сәнділік қана емес, сондай - ақ қазақ халқының мәдениетін, тарихын және рухани құндылықтарын сақтауға көмектесетін маңызды бір бөлік екендігі атап өтілді. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық киімдері ұлттық бірліктің, өзара құрмет пен ынтымақтастықтың символы ретінде қарастырылды.