18 наурыз 2025 жылы бастауыш буын тәрбиешілері оқушыларға «Көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты - оқушыларды көктемгі демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігімен таныстыру, оларды қауіпсіз мінез - құлыққа үйрету және әртүрлі қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру болды.
Тәрбие сағаттарында балаларға көктемгі уақытта табиғат аясында уақыт өткізу кезінде кездесетін түрлі қауіптер, мысалы, жол қозғалыс ережелерін сақтау, суға түсу қауіпсіздігі, табиғатта өрт қауіпсіздігі және басқа да қауіпсіздік шаралары туралы түсінік берілді. Сонымен қатар, оқушыларға көктемгі демалыс кезінде өздерінің және айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ету керектігі жөнінде кеңестер айтылды.
Іс - шара барысында тәрбиешілер қауіпсіздік ережелерін ойын түрінде түсіндіріп, балалардың қызығушылығын арттырды және оларды көктемгі демалыс кезінде абай болуға шақырды.