1 сәуір - Халықаралық құстар күніне орай жоғары буын оқушылары және колледж студенттері құстарға ұя жасап, оны мектеп ауласына орнатты.
Бұл бастама құстарды қорғауға және табиғатты сақтауға деген жауапкершілікті арттыру мақсатында жүзеге асты. Студенттер ұяларды жасау барысында экологиялық білімдерін кеңейтіп, өз үлестерін қосты.
Құстарға арналған бұл ұялар біздің табиғатқа деген қамқорлығымызды білдіріп, мектеп ауласының көркін арттырды.