2019 жылдың 2 ақпан күні Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа Ақтөбе қаласында тұратын 38 ата-ана қатысып, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- «Құқықбұзушылықтың алдын алудағы отбасының рөлі» - Аға тәрбиеші Г.С Уканова
- «Әлеуметтік желінің зияны» - Педагог-психолог С.Т.Нурушева
- «Білім беру ұйымдарына алып кіруге және қолдануға болмайтын заттар» Директордың міндетін атқарушы Г.Б.Тулебаева
- «Құқықбұзушылықтың алдын алудағы атқарылып жатқан тәрбие процесіндегі жұмыстар» - Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нағашыбаева.
Қаралған мәселелер төңірегінде ата-аналар пікірлерін білдіріп, құқықбұзушылықтың алдын алудағы отбасының маңызды роль атқаратындығына, оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, бірге жүретін ортасын зерттеу мен анықтаудың маңыздылығына, баланың әлеуметтік желілерді қандай мақсатта пайдаланатындығынан хабардар болу қажеттігіне тоқталды.
https://sch.edugov.kz/kz/247/110-zhas-spirimder-arasynda-y-y-b-zushyly-pen-ylmysty-aldyn-alu.html#sigFreeId84893cc0b9







